Қуанышты жаңалық!

Астана қаласының ұйымдастыруымен өткен III облыстық балалар шығармашылық фестивалі Сәтбаев қаласында жоғары деңгейде өтті.

Осы байқауда «Өнер» вокалдық ансамблі жоғары шеберлік танытып, Бас жүлдені иеленді!

Ансамбль жетекшісі Удербаева Гульмира Айкеновна кәсіби біліктілігі мен шығармашылық еңбегі үшін Құрмет дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар, ансамбль мүшелері ұйымдастырушылар тарапынан мамыр айында «Хабар» арнасына арнайы түсірілімге қатысуға шақырту алды.

Жас өнерпаздарымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!