1992 жылы 4 маусымда елімізде бүгінде әрбір қазақстандыққа таныс мемлекеттік рәміздер бекітілді. Бұл дата республика тарихында Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгілікке қалды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Бүгін балалар өнер мектебінің лагерінде Мемлекеттік рәміздер күні өтті. Бұл шара балаларды еліміздің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранмен таныстыруға арналды. Шара барысында балалар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихын, олардың мәні мен ұлттық бірегейлік үшін маңыздылығын білді. Сондай-ақ, Әнұран орындалып, мемлекеттік рәміздерге арналған викторина өткізілді. Мұндай күн балаларға өз тарихын жақсырақ түсінуге және өз елін мақтан етуге көмектеседі.







