1.02.25 жылы мектебімізде халық аспаптар бөлімінде "Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары арасындағы – жас музыканттардың 58 республикалық фестиваль – байқауының" қалалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: музыкалық талантты білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Байқауда Құрманғазы, Қазанғап, Дәулеткерей, Сүгір, халық күйлері және Қазақстан композиторлары мен шетел композиторларының күрделі шығармалары орындалды. Оқушылар шығармаларды кәсіби түрде, өте жоғары деңгейде орындап шықты. Ұстаздарымыз да көп ізденіп, талмай еңбектеніп, оқушылардың шыңдалуына ықпал етті. Қазылар алқасының мүшелерінің шешімі бойынша оқушылардың иеленген орындары:

Кіші жас тобы

1.Балтабай Ерлен - бас жүлде (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

2.Кісенбай Іңкәрім - 1 орын (жетекшісі Абильдина Н.)

3.Иманғажы Айша - 1 орын (жетекшісі Еламанова К.Т.)

4.Улан Али - 2 орын (жетекшісі Есенова С.А.)

Орта жас тобы

1.Аманқұл Нұрсамат - бас жүлде (жетекшісі Қиянбекова А.М.)

2.Дастан Аружан - 1 орын (жетекшісі Жузбаева Г.Ж.)

3.Сақтаған Дінмұхаммед - 2 орын (жетекшісі Искакова А.Ш.)

4.Бексұлтан Жантөре -3 орын (жетекшісі Қиянбеков Д.Е.)

5.Эсиль Арсен - 3 орын (жетекшісі Есенова С.А.)

Ересек жас тобы

1.Кайсарова Альбина - бас жүлде (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

2.Жандарбек Ділназ - 1 орын (жетекшісі Абильдина Н.)

Ансамбльдер

1."Шабыт" домбырашылар ансамблі - бас жүлде (жетекшісі Қиянбеков Д.Е.)

2."Аққу" прима қобызшылар ансамблі - 1 орын (жетекшісі Сайлау А.Ж.)

3."Балдырғандар" домбырашылар ансамблі 1 орын (жетекшісі Есенова С.А.) алды.

Байқау соңында оқушылар марапатталып, оқытушылары мен концертмейстерлеріне алғыс хаттар табысталды. Шығармаларды сүйлемелдеген концертмейстерлер Бережная Н.В., Квачахия М.Ш., Митронин Ю.А., Темірбаева Ж.Ж. алғыс айтамыз және халық аспаптарының оқытушыларына шығармашылық табыс тілейміз!

Байқаудан бас жүлде мен 1 орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды. Талантты оқушыларымызға сәттілік тілейміз!