Балалар өнер мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ананың аялы алақаны» атты мерекелік концерт өтті. Бұл кеш аналар мен әжелерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіруге арналды.
Концерт барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бағдарламада ән, би, күй және түрлі музыкалық шығармалар орындалды. Әсіресе жас орындаушылардың аналарға арнаған жүрекжарды әндері мен әсерлі билері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің басты мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, балалардың өнерге деген қызығушылығын дамыту және көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.
Іс-шара соңында мектеп ұжымы барлық аналар мен әжелерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тіледі.
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/392-anany-ayaly-ala-any.html#sigFreeIdf28f1728fc






