27-28.02.2026 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасы, МКҚК «Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде» Хабидолла Тастановтың және Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған "ЖасSTAR" Республикалық домбырашылар өнер байкау-фестивалі онлайн және офлайн форматта өтті.
Мақсаты мен міндеттері:
-Республикалық, облыстық және аудандық білім беру мекемелері мен өнер мекемелері арасында серіктестік қатынастар кұру;
-кезеңдік тәжірибе мен тәжірибені дамыту үшін тұрақты алаң кұру;
-дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау көрсету, олардың әрі карай
бағыт-бағдар беру;
-Х.Тастанов пен Б.Басығараевтың шығармашылығын насихаттау;
эстетикалық тәрбие беру ортасын қалыптастыру және музыкалық өнер арқылы жаңа ұрпақтың шығармашылық потенциалын дамыту;
-шығармашылық саласында салауатты бәсекелі бастаманы құру;
-педагог-музыканттармен танысу, зерттеу және тәжірибе алмасу, педагогикалық дәстүрлер сабақтастығын нығайту;
-пікірлес адамдар, ынта-жігері бар шығармашылық адамдар арасындағы байланыс үшін баға жетпес мүмкіндік беру;
-қатысушылар, олардың ата-аналары мен жетекшілері үшін ұмытылмас өнер мерекесінің атмосферасын құру.
Байқауды бағалаған әділ қазылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Б.Е. Басықара; мәдениет саласының үздігі, өнертану ғылымдары магистрі,күйші А.Кенегесов; ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Асылханов; Ақтөбе облыстық күйшілер одағы төрағасы Т.Е.Хамзин.
Байқау нәтижесі:
БАС ЖҮЛДЕ
"КЕРБЕЗ" домбырашылар дуэті (жетекшісі Жузбаева Г.Ж., конц:Митронин Ю.А.)
1 ОРЫН
"МҰРАГЕР" домбырашылар ансамблі(жетекшісі Тулегенова Б.М., конц:Бережная Н.В.)
2 ОРЫН
"АҚЖЕЛЕҢ" педагогтер ансамблі
Байқау жүлдегерлері болған халық аспаптары мұғалімдері мен оқушыларымызды құттықтаймыз!