"Мұқағали мұрасы - Мұқағали оқулары" атты өнерпаздарға арналған Республикалық өнер мен білім байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты - қазақ поэзиясының өкілі Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру, көркем сөз, оқу мәдениетін дамыту және шығармашылық қабылеттерін шыңдау. Қатысушылардың тіл байлығын, сахналық шеберлігін, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру арқылы ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын ояту және талантты жастарды қолдау. Мектепге дейінгі және мектеп жасындағы балаларды дамыта отырып, кез-келген типтегі мекемелер мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу. Қатысушыларға қашықтықтан өтетін байқау арқылы кең ауқымды ортада бәсекелесуге мүмкіндік беру. Бұл байқауға Жезқазған балалар өнер мектебінің "Балдырғандар" кіші топ домбырашылар ансамблі қатысып, "Бас жүлде" иегері болды. Жетекшісі Есенова Сәнім Әбдрашқызы, құрмет грамотасы, алғыс хат, ал оқушылар дипломмен марапатталды
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/400-m-a-ali-m-rasy-m-a-ali-o-ulary.html#sigFreeId063b892a2a






