«Сөз бен саз» — жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыратын ерекше байқау. Бұл конкурс жас таланттардың өнер жолындағы ізденісін қолдап, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін дамытуға мүмкіндік береді.
Осындай өнер додасында Киянбекова Айткүл Мусаевнаның шәкірті Аманқұл Нұрсамат жоғары өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді.
Жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта биік белестер мен шығармашылық табыс тілейміз! Ұстазы мен ата-анасына алғысымызды білдіреміз.
View the embedded image gallery online at:
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/403-s-z-ben-saz-zhas-nerpazdardy-shy-armashyly-abiletin-shy-dap.html#sigFreeIdaf1c1f8799
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/403-s-z-ben-saz-zhas-nerpazdardy-shy-armashyly-abiletin-shy-dap.html#sigFreeIdaf1c1f8799






