«Әншуақ» Балалар ән байқауы-фестивалі

14.03.2026 жылы “Балалар өнер мектебінің” ұйымдастыруымен «Шабыт» жобасы аясында өткен қазақ композиторларының шығармаларынан «Әншуақ» балалар ән байқауы-фестивалі өтті.

Аталған байқауға вокал бөлімінің 0–1–2 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысушылар қазақ композиторларының балаларға арналған әсем әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Байқау қорытындысы бойынша жас өнерпаздар жоғары номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.

Комиссия мүшелері:

  • «SAZ» академиясының негізін қалаушы – Аринова С.Н.
  • «Балалар өнер мектебі» директорының м.а. – Таймагамбетова Ж.У.
  • «Балалар өнер мектебі» фортепиано бөлімінің оқытушысы – Митронин Ю.А.

Жетекшілері:

Степанова С.А., Шин Ж.С., Удербаева Г.А., Поливиченко С.М., Швец О.И.

Жас өнерпаздарға шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Байқауға қатысқан барлық оқушыларға, оларды дайындаған ұстаздарға және әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!