2026 жылғы 11 ақпанда Қазақ ұлттық аспаптар солистері мен ұжымдары арасында «Күй – құдіретті әуез» Республикалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: ұлттық музыкалық шығармашылық дәстүрді жандандыру, өскелең ұрпақтың рухани әлеуетін дамыту.
Байқау міндеттері:
1) жас музыканттардың эстетикалық, адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік және отандық көркемөнер мәдениетінің дәстүрлеріне олардың жеке қызығушылығын ояту;
2) әр түрлі ұлттық музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалық дарынды білім алушылар мен балалар ұжымдарын қолдау;
3) Республикадағы қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби және мәдени байланыстарын дамыту, білім беру сапасын арттыру;
4) балалардың музыкалық шығармашылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін жандандыру және оларды музыкалық кәсіби бағдарлау;
5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету.
Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы https://smartziyatker.kz/ платформасында қашықтық форматта өтті. Байқауға «Балдырғандар» кіші топ домбырашылар ансамблі (жетекшісі Есенова Саним Абдрашовна) қатысып, жүлделі II орын иегері болды. Диплом, сертификатпен марапатталды.
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/419-k-j-diretti-uez.html#sigFreeIdf5b6eaf0ba






