2025 жылдың 14 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен қашықтық форматта «Музыка әлемінде» педагогтердің республикалық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: музыкалық өнер саласындағы педагогтердің шығармашылық қабілетін, кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу.
Байқаудың міндеттері:
1) музыка пәні педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
2) музыкалық білім беру саласындағы озық тәжірибені анықтау және тарату;
3) ән, дәстүрлі және аспаптық орындаушылық мәдениетін дамыту.
4) ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу және жас ұрпаққа насихаттау.
Халық аспаптары бөлімінің ұстаздары «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша қатысып, 2 түрлі сипаттағы шығармаларды орындап жүлделі орындарға ие болды.
2 - орын
Есенова С.А.
Искакова А.Ш.
Қиянбеков Д.Е.
Шамшиева М.У.
3 - орын
Тулегенова Б.М.
Киянбекова А.М.
Сертификат
Еламанова К.Т.
Жузбаева Г.Ж
https://dshi-zhez.kz/kz/bizdi-zhetistikter/420-muzyka-leminde.html#sigFreeIde83b1e2f05






