2025жылдың 25 желтоқсанында Балалар Өнер мектебінің "Жалпы эстетикалық дамыту" бөлімінің бүлдіршіндеріне арналған Жаңа жылдық ертеңгілік "Кел Жаңа Жыл, жол болсын ! Қадамдарың оң болсын, Төрлет, төрлет Жаңа Жыл! Бізге құтты жыл болсын!" деген өлең шумақтарымен жоспарға сәйкес, белгіленген уақытта басталды. Іс-шараның мақсаты : Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту Ұжымдық қарым-қатынасты нығайту . Қойылған мақсаттар толық орындалды Бөлімнің меңгерушісі Аймагамбетова Р.Б, музыка оқытушысы Поливиченко С.М дайындаған қызықты сценарий бойынша ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.

Ертеңгілік барысында балалар Жаңа жыл тақырыбындағы өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. Сценарий мазмұны жас ерекшеліктеріне сай, қызықты әрі тәрбиелік мәнге ие болды. Балалар өз рөлдерін белсенді орындап, сахналық мәдениетті сақтады.

Музыкалық сүйемелдеу, безендіру және кейіпкерлердің костюмдері мерекенің мазмұнын аша түсті. Аяз ата мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуы балалардың қызығушылығын арттырды. Ойындар мен қимыл-қозғалыс элементтері балалардың белсенділігін күшейтті.

Балалардың шаттанған қуанышына куә болған,өздері де жас балаша ойын ойнаған ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылып,алғыстарын білдірді.

Жаңа жылдық ертеңгілік жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, балаларға қуаныш пен жағымды әсер сыйлады .Ертеңгіліктің жоғары деңгейде өтуіне әріптестеріміз Аяз Ата ролін сомдаған - Қиянбеков .Д.Е, музыкамен сүйемелдеп,көтеріңкі көңіл күй сыйлаған - Максутов М.А және залды безендіріп, әшекейлеген мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз! Жаңа Жыл құтты болсын,жақсылығымен келсін!!!