2026 жылдың 25–26 сәуір күндері Сәтбаев қаласында (ұйымдастырушысы — Алматы қаласы) «Анама сыйлық» атты республикалық балалар шығармашылық байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «Аспапта ойнау» жанры бойынша «Бастау» домбырашылар ансамблі жоғары шеберлік танытып, Бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздар шетелде өтетін байқауға тегін қатысуға жолдамаға ие болды.

Ансамбль жетекшісі — Еламанова Қамар Темірхановна.

Сонымен қатар, халық аспаптар бөлімінің оқытушысы Еламанова Қ.Т. кәсіби біліктілігі мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Үздік жетекші» медалімен және сертификатымен марапатталды. Сондай-ақ, ол халық аралық байқауға 3 мемлекетке жолдама иеленді