Жаңа Жыл  қарсаңында  Жезқазған қаласының Балалар Өнер мектебі «Жалпы эстетикалық дамыту» бөлімі оқытушыларының шеберлік сабақтар  апталығы болып өтті.  Апталықты  23 желтоқсан күні «ЖЭД» бөлімінің  2 сынып оқушылары өздерінің «Ою-өрнектер» атты әсем биімен ашты.(дайындаған Аймагамбетова .Р.Б) Сонымен қатар,бөлімнің бейнелеу өнерінің  оқытушысы Ақылбекова Гулмира Ракышевнаның  көмегімен 3 сынып  және даярлық  сынып оқушыларының жасаған «Бақытты балалық» атты көрмесін тарту етті..Оқушылардың аса бір шеберлікпен орындаған еңбектерінің жемісі көрмеден анық көрініп тұр.Бұл көрмені жасауда:әр түрлі техникаларды: кескінденме(живопись),мүсіндеу, түрлі-түсті график,витраждық жұмыстар, қолдана отырып, бейнелеу өнерінің жанрларына  ерекше  көрік  берді.