Жаңа Жыл қарсаңында Жезқазған қаласының Балалар Өнер мектебі «Жалпы эстетикалық дамыту» бөлімі оқытушыларының шеберлік сабақтары апталығының екінші күні,сол бөлімнің «ырғақтық- би, театротерапия» сабақтарының оқытушысы Аймагамбетова Раиса Бердибаевнаның «Ғажайып театр және би әлеміндегі ойын тәсілдері» атты шеберлік сабағымен жалғасты. Шеберлік сабақтың мақсаты: 1. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегіжаңа технологиялық ойын тәсілдерін қолдану әдістерімен бөлісу. 2.Әріптестермен тәжірибе алмасу,шығармашылыұ тұрғыда дамуына жағдай жасау. 3.Педагогтардың білім қорын көбейтуге,ойын тәсілдерін тиімді пайдалана білуіне ықпал ету. Оқытушы Аймагамбетова Р.Б. шеберлік сабағында : «Күн шуағы», «Имитация», «Ырғақты ойлап тап», «Миға шабуыл», «Ойлап,ойнап көр» ойындарының тәсілдерімен бөлісіп,ол ойындардың мектепке дейінгі жастағы балаларды өнерге тәрбиелеудегі және сапалы білім берудегі ең маңызды құрал екендігін атап өтті. Балалар Өнер мектебінің оқытушылары бір мезетке өздерінің педагог екенін ұмытып,балалық шаққа саяхат жасап,мектепке дейінгі жастағы балалардың қызықты ойындарын ойнады,дайындықсыз кішігірім қойылымдардың ролін сомдады..Шеберлік сабақтағы ойын тәсілдерінің тиімділігін, білім қорына қосатын ойын түрлерін үйренгенін және нәтижелі сабақ болғанын сабақ соңындағы рефлексиядан педагогтардың жылы лебіздерінен байқалды.