ҚР ОАМ РҚББОӘО қолдауымен Республикалық вебинар өтілді.
Курстан кейінгі сүйемелдеу оқытушылардың педагогикалық қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде «Қазақ халық аспаптар ансамбль, оркестріндегі музыкалау әдістері» тақырыбында вебинар өтті.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарға арналған «Білім алушылардың қазақ халық аспаптары оркестрінде (ансамблінде) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту» біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының жұмыс тәжірибесінен).
Осы вебинарда Балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы, «педагог - зерттеуші» Тулегенова Бибигуль Мухамедияровна қатысып, «Қазақ халық аспаптары оркестріндегі дирижерлық тәсілдер және олардың музыкалау үдерісіне әсері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Вебинар жоғары деңгейде өткізілді.
https://dshi-zhez.kz/kz/o-u-protsessi/327-r-oam-r-bbo-o-oldauymen-respublikaly-vebinar-tildi-kurstan-kejingi-s-jemeldeu-o-ytushylardy-pedagogikaly-yzmetini-tiimdiligin-arttyru-raly-retinde-aza-khaly-aspaptar-ansambl-orkestrindegi-muzykalau-disteri-ta-yrybynda-vebinar-tti.html#sigFreeId2f05806d3a