22 қаңтар күні Алматы қаласында Мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика кафедрасы, Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, Әуезов ауданы білім бөлімі. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры, «Мамандандырылған«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»лицейі КММ, «А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия» КММ ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің директоры Пириев Э.К. құттықтауымен басталып, жинақтың тұсаукесер рәсімі жасалды.
Конференцияның мақсаты: Цифрлық білім беруді жетілдірудің озық тәжірибелерімен танысу.
Конференцияны өткізу тілдері: қазақ, орыс,ұйғыр, ағылшын, түрік.
Конференцияға біздің мектептің оқытушылары онлайн қатысып, Жусупбекова Б.Қ., Жузбаева Г.Ж., Тулегенова Б.М., Шамшиева М.У. сертификат, Құрмет грамотасымен марапатталды. Қатысушылардың мақалалары «ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары атты жинаққа енгізілді.






