26.02.26. Вокал бөлімінде III тоқсан бойынша 2–4 сынып оқушылары арасында вокализдерді тапсыру бойынша техникалық сынақ өтті.

Оқытушылары: С.А.Степанова, Г.А.Удербаева, О.И.Швец.

*Вокализдер оқушыларға:*

  • дұрыс әншілік тыныс алуды дамытуға;
  • таза интонация қалыптастыруға;
  • дауыс диапазонын кеңейтуге;
  • барлық регистрде дыбыстың біркелкі шығуын қалыптастыруға;
  • дикция мен артикуляциялық аппаратты дамытуға;
  • дауыс аппаратын нығайтуға;
  • орындаушылық техниканы жетілдіруге (легато, стаккато, динамика, фразировка) көмектеседі.