5.02.2026 жылы «Заманауи ғылым-білім беру орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған "Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және қосымша білім

беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері" атты республикалық семинар өтті.

Семинарда Жузбаева Г.Ж. өзінің зерттеушілік және авторлық жұмысы негізінде "Сазға бөлейтін саусақтар сыры" әдістемелік құралының тақырыбы бойынша тәжірибе таратып, спикер болды. Семинарға қатысқан мұғалімдер Алғыс хат, Сертификатпен марапатталды.