Халық аспаптар бөлімінің әдістемелік апталығы басталды!

2026 жылдың 7 сәуір күні бөлімімізде ұстаз Киянбекова Айткуль Мусаевна «Домбыра үйрету әдістері» тақырыбында шебер сағатын өткізді.

Шебер сабақ барысында оқушыларға домбыра үйретудің тиімді жолдары, заманауи әдіс-тәсілдері және орындаушылық шеберлікті арттырудың маңызды қырлары жан-жақты көрсетілді. Ұстаз өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақ құрылымын қызықты әрі мазмұнды түрде ұйымдастыра білді.

Іс-шараға қатысқан ұстаздар мен оқушылар шебер сабақтан тың идеялар алып, өз кәсіби деңгейлерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік алды.

Әдістемелік апталық аясындағы мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Өнеріміз өркендей берсін!