Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ұйымдастыруымен Алматы қаласында 2025 жылдың 21 қарашасында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі заманғы Қазақстан музыкалық мәдениетіндегі Нұрғиса Тілендиевтің (1925-1998 жж.) феномені» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысуға 100 өтінім берілді.

Ұйымдастыру комитеті баяндамалардың тақырыбы мен мазмұнын қарастыра отырып, конференцияға қатысуға 34 қатысушыны шақырды (пленарлық отырысқа – 8 адам, екі секциядан - 13 адам). Жузбаева Г.Ж. zoom арқылы спикер болып "Н.Тілендиевтің шығармашылық мұрасы" атты баяндамасын оқыды, мақаласы жинаққа енгізіліп сертификатпен марапатталды.

Тулегенова Б.М.-ның "Қазақ кәсіби дирижерлік мектебінің негізін қалаушы - Нұрғиса Тілендиев" атты мақаласы жинаққа енгізілді және сертификатпен марапатталды.