Халық аспаптар бөлімі – әдістемелік апталық аясында

Бөлімімізде “Дөңгелек үстел” форматында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Оқытудың негізгі түрлері»

Іс-шараның мақсаты – домбыра сыныбындағы оқыту үдерісін заманауи, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық педагогикалық тәжірибелерді оқу үдерісіне енгізу жолдарын талқылау.

Дөңгелек үстелде тәжірибелі ұстаздар өз баяндамаларын ұсынып, ой-пікірлерімен бөлісті:

Есенова Саним Абдрашовна – «Сыни тұрғыдан оқыту»

Искакова Айзат Шархановна – «Дәстүрлі оқыту»

Қиянбеков Дәулет Еркебайұлы – «Проблемалық оқыту»

Еламанова Камар Темирхановна – «Деңгейлеп оқыту»

Тулегенова Бибигуль Мухамедияровна – «Саралап оқыту»

Іс-шара барысында оқытудың түрлі әдістері жан-жақты талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.