12 мамыр күні “Балалар өнер мектебіміздің” вокал және халық аспаптар бөлімдерінде 5-сынып оқушылары арасында екі ауысымда музыкалық сауат пәні бойынша мемлекеттік емтихан өтті. Оқушылар музыкалық сауат бойынша өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.
Емтиханның мақсаты: оқушылардың музыкалық сауат пәні бойынша білім дағдыларын тексеру, музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін және орындаушылық сенімділігін дамыту.
Емтиханның міндеттері:
* теориялық материалды меңгеру деңгейін анықтау;
* нотаны оқу және сольфеджирлеу дағдыларын тексеру;
* музыкалық есте сақтау, есту және ырғақ сезімін дамыту.
Емтихан жоғары деңгейде және ұйымдасқан түрде өтті.
Оқытушысы: Г.А.Удербаева
https://dshi-zhez.kz/kz/o-u-protsessi/456-balalar-ner-mektebimizdi.html#sigFreeId1054888e6c






