Бүгін Халық аспаптар бөлімі бойынша 5-сынып оқушыларының арнайы аспап пәнінен мектеп бітіру емтиханы сәтті өтті. Емтихан барысында оқушылар өздерінің 5 жыл бойы жинаған білімдері мен орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін дәлелдеді.

Жас өнерпаздарға алдағы шығармашылық жолдарында табыс, шабыт және биік жетістіктер тілейміз! Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген шәкірттеріміздің еңбегі әрдайым жемісті болсын!