Кеше ардақты ұстаз, аяулы жан Киянбекова Айтгүл Мұсақызының 50 жас мерейтойы мен 30 жылдық ұстаздық еңбегіне арналған әсерлі кеш, мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.

Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнап келе жатқан ұстаздың еңбегі еленіп, шәкірттері мен әріптестерінің ыстық ықыласы мен ақ тілектері айтылды. Кеш барысында ән айтылып, жүрекке жылы лебіздер мен естеліктер көпшілік көңілін ерекше әсерге бөледі.

Айтгүл Мұсақызына зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тілейміз! Ұстаздық жолыңыз әрдайым абырой мен құрметке толы болсын!