Мектебімізде 20.12.2025 ж. күні 1,2,3,4,5 сыныптар арасында ансамбль сабағының тыңдалымы болды. Ансамбльдің оқушыларға пайдасы өте зор, ол тек музыкалық емес, рухани және тәрбиелік жағынанда үлкен рөл атқарады. Тыңдалымда ансамбльдер концертмейстермен және екі және үш дауыста шығарма орындалды. Ансамбль тыңдалымында: Тулегенова Б.М. «Алаш», және «Мұрагер» домбырашылар ансамблі. Есенова С.А. «Самға» домбырашылар ансамблі, Киянбекова А.М. «Жігер» триосы, Искакова А.Ш. «Қыран» домбырашылар ансамблі, Жузбаева Г.Ж. «Ұлытау» домбырашылар ансамблі, Еламанова К.Т. «Бастау» домбырашылар ансамблі, Куриков Ж.С. «Серпін» домбырашылар ансамблі, Қиянбеков Д.Е. «Серпер» домбырашылар ансамблі, «Ақжелең», «Кербез» жетігеншілер ансамблі, және «Аққу» қобызшылар ансамблі.