Наурыз мейрамы қарсаңында қабылданған "Наурызнама"10 күндігіне сәйкес,Балалар Өнер мектебінің "Жалпы эстетикалық дамыту" бөлімінде "Шаңырақ күні " іс-шарасы ұйымдастырылған түрде өткізілді. Мақсаты:Қазақ халқының әдет-ғұрпымен балаларды таныстырып қоғамдық құндылықтардың мағынасын түсіндіру. Салт-дәстүрді бағалап,Отансүйгіштік ,адалдық қасиеттерін бойына дарыту. Іс-шараға эстетика бөлімінің барлық 2 сынып балалары қатысты. Іс-шара барысында балаларға "Шаңырақ"туралы мәлімет берілді. Әже рөлін сомдаған бөлім меңгерушісі Аймағамбетова Р.Б халқымыздың әр шаңырақ астында салт-дәстүрді дәріптеп,қастерлейтінін, соның бірі "Бесікке салу"рәсімі екенін түсіндіріп,рәсімді өткізді.Балалар қызықтай қарап, бесікті айнала отырып "Әлди-әлди бөпешім "әнін шырқады. Мерекелік іс -шара ән мен биге жалғасып,соңында "Бір шаңырақ аясында"компазициясымен би өнері арқылы Қазақстан халқының қонақжайлылығын,бір "Шаңырақ"астында әртүрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанын көрсете білді. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтіп,зстетика бөлімі оқытушыларына АймагамбетовР,.Б, Ақылбекова Г.Р, Поливиченко С.М ата-аналардың алғысына бөленді.
https://dshi-zhez.kz/kz/o-u-protsessi/467-nauryznama.html#sigFreeId58c1d529b6






