2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы «Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында Zoom арқылы онлайн форматта республикалық WORKSHOP семинары өтті.

Семинардың мақсаты: білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді зерттеу және енгізу, озық тәжірбиемен алмасу, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану үшін қажетті дағдыларды дамыту арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар 10 бағытта өтті. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Балалар өнер мектебінің» КМҚК қосымша білім беру педагогі Есенова Саним Абдрашқызы спикер ретінде қатысып, Сертификат алды. Тақырыбы: «Домбыра және ансамбль сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер»