29.12.25 жылы «Педагогтар мен психологтар академиясы» ЖШС ұйымдастыруымен мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған "Мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және қосымша білім
беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері" атты республикалық семинар өтті.
Семинарға Искакова А.Ш., Жузбаева Г.Ж. қатысты. Искакова А.Ш. "Балалар өнер мектебінде көркем-эстетикалық және музыкалық пәндерді,соның ішінде домбыра пәнін оқытудың инновациялық әдістемелері" атты баяндамасын оқып тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысқан мұғалімдер Алғыс хат, Сертификатпен марапатталды.
https://dshi-zhez.kz/kz/o-u-protsessi/472-pedagogtar-men-psikhologtar-akademiyasy.html#sigFreeId2eb73bb04b






