Бүгін біз О. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен өткен кәсіптік бағдар беру конференциясына қатыстық

Іс-шараға мектебіміздің директоры, мұғалімдері және оқушылары қатысты. Колледж тарапынан оқытушылар келіп, білім беру бағыттары, оқуға түсу шарттары мен студенттерге берілетін мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу жылы әрі мазмұнды атмосферада өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды

Ұйымдастырушыларға және колледж өкілдеріне маңызды әрі пайдалы кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!