«Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу» мақсатын көздеген іс- шарадан Жезқазған қаласы Балалар өнер мектебінің «Жалпы эстетикалық дамыту» бөлімінің оқытушылары да тыс қалған жоқ. Әже ролін ойнаған бөлімнің оқытушысы Аймағамбетова Р.Б балаларға ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту туралы ұғындырып, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік берді, қызығушылығын оятты. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке бейімдеді. Ханталапай ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін балаларға жеткізе білді.Асық ойынын құштарлықпен,қызығушылықпен ойнаған балалардың көңіл-күйлері ерекше болды.Балаларға керемет көңіл- күй сыйлаған оқытушылар Аймағамбетова Раиса Бердибаевна және Сариева Нагима Аскаровна бұл іс – шараға тыңғылықты дайындалудың нәтижесіне, іс- шараға қатысқан ата- аналар да риза болып,балаларға және оқытушыларға жылы лебіздерін білдірді.
#РУМЦДОМОНРК
#rumcdo_offical
#ұлытау_тәрбие
#біртұтас_тәрбие