2025 жылдың 14 ші наурызында мектебімізде Халық аспаптар бөлімінің әдістемелік апталық соңында «Көрісу» мерекесіне ұласқан іс – шарасы өтті. Іс – шараға халық аспаптар бөлімінің оқушылары мен оқытушылары қатысты. Іс – шарамыздың басы екі ауыл арасындағы көрісу, қал – жағдай сұрасумен басталса, ары қарай мерекелік концерттік нөмірлермен жалғасын тапты. Өнерпаздар сахнада қазақ композиторларының күйлері мен қоса қазақ және шетел шығармаларында ойнады. Концертіміздің соңы «Ақжелең» оқытушылар ансамблінің шығармасымен аяқталды. Концерт өте жоғарғы деңгейде өтті!