Жаңа Жыл қарсаңында Жезқазған қаласының Балалар Өнер мектебі «Жалпы эстетикалық дамыту» бөлімі оқытушыларының шеберлік сабақтар апталығының соңғы күні 26.12.2024жыл «Қош келдің Жаңа Жыл !» атты мерекелік ертеңгілігімен қорытындыланды. Мерекелік ертеңгілікке «Жалпы эстетикалық дамыту»бөлімінің 1 сынып оқушылары және ата-аналар,мектеп ұжымы қатысты.Балалар ән шырқап,би билеп,Аяз Атамен түрлі ойындарды ойнап белсене қатысты. Мұғалімдер:Аймагамбетова.Р.Б, Темирбаева Ж.Ж,Қиянбеков .Д.Е, Бораш Н.Қ өз рөлдерін ерекше сомдап, балаларға тамаша көңіл күй сыйлауға тырысты.Ата-аналар да ойын ойнап,би билеп ертеңгіліктің қызығынан қалыспады.Ертеңгілік соңында балалар тақпақтарын айтып,Аяз Атадан сыйлықтарын алды.Балаларға,ата-аналарға осындай көңілді жағдай жасап, отырған мектеп әкімшілігіне,ұжымдастарымызға алғысымыз шексіз! Апталығымызды қорытындылай келе айтарым: Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын!Әрбір отбасына Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!Оқытушыларымыздың шығармашылық шабыттары шарықтай берсін!Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!