Ұлттық киім күні отбасы мүшелері мен қоғамдастықтар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, мәдени шараларға қатысып, дәстүрлерді сақтап қалу мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл күннің басты мақсаты – қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, ұлттық өнерді және киімдерді жаңғырту. Бұл мерекеде балалар өнер мектебінің ұстаздарыда қалыс қалған жоқ. «Наурызнама» декадасы басталғаннан өнер мектеп ұстаздары қазақша шапандары мен қамзолдарын киіп, дәріптеп жүр.