2025 жылдың маңызды оқиғасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы болмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұл күндері елімізде дәстүр бойынша Ұлы Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шаралары өткізілетінін атап өтті.
Президенттің айтуынша, бұл мереке Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы халқымыздың табандылығы мен батылдығын айшықтайды. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі бізге мәңгілік мұра болып, есімізде сақталып қалады.
08.05.2025 жылы Халық аспаптар бөлімінің Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған "Батырларға мәңгілік тағзым!" атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, батырлардың ерлігін үлгі ету, патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сағатына қатысқан мұғалімдер: Тулегенова Б.М., Есенова С.А., Искакова А.Ш., Жузбаева Г.Ж., Еламанова К.Т., Киянбеков Д.Е., Сайлау А.Ж., Вагнер А.П., Митронин Ю.А., Үдербаева Г.Ә. , Швец О.И., Жусупбекова Б.К., Темирбаева Ж.Ж., Шин Ж.С., Степанова С.А., Гапонюк Э.В., Шанракпаева Д.М., Кабулова Г.Ф., Пазылоа А.С., Алимов А.М., Акылбекова Г.Р.
Бейнелу өнері бөлімі оқушылары мен ұстаздары да Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған суреттерін көрмеге қойды. Жәнеде «Фортепиано» бөлімінің оқушыларымен оқуытушылары «Синий Платочек» әнін орындады.
https://dshi-zhez.kz/kz/zhanaly-tar/356-memleket-basshysy-to-aev-b-l-k-nderi-elimizde-d-st-r-bojynsha-ly-zhe-is-k-nine-arnal-an-eske-alu-is-sharalary-tkiziletinin-atap-tti.html#sigFreeIdd04462dbe6






