Балалар өнер мектебіндегі бітіру кеші жас суретшілердің, музыканттардың, вокалисттердің, хореографтардың көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын ерекше әрі қызықты оқиға. Бүгін түлектеріміз сүйікті мектебімен, ұстаздарымен, алғашқы жетістіктері дүниеге келген жайлы кабинеттерімен қоштасып жатыр.
Балалар көркемсурет мектебіндегі оқу жылдары балалар үшін жаңалық ашқан, тынымсыз еңбек, шабыт мезгіліне айналды. Олар тек музыкалық аспаптарда ойнауды, ән айтуды, би билеуді немесе сурет салуды ғана емес, сонымен бірге өз сезімдерін өнер арқылы жеткізуді, сұлулықты, еңбекті, шығармашылықты бағалай білуді үйренді. Ұстаздар олардың әрқайсысын мақтан тұтып, мектепте алған білімі мен тәжірибесі жаңа жеңістерге берік негіз болатынына сенеді.






