2025 жылдың 15 мамырында Астана қаласында «Қосымша білім берудің болашығы: Дамуға бастар жол» атты Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың қосымша білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтарымен кездесуі өтті. Бұл кездесуге Жезқазған балалар өнер мектебінен домбыра класының педагогі Киянбекова Айткуль Мусақызы қатысып келді. Кездесу барысында Ғани Бектайұлы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарімен жүздесе отырып, өзекті тақырыптарды талқылады.
Кездесуде сонымен қатар "Өнердің алғашқы қадамдары: өнер және сахналық шығармашылық мектептерінің баланың дамуына әсері" тақырыбы аясында шеберлік сағаттары мен "Арт-терапия және инклюзивті білім беру" тақырыбы аясында шағын хакатон өткізілді. Туындаған мәселелер өте көп, нәтижелер, бірқатар шешімдер барлығы педагогтер көкейіне ой саларлықтай болды. Алғаш қатысушы болып келген әріптесімізге келешекте шығармашылық жетістіктер тілейміз.
https://dshi-zhez.kz/kz/zhanaly-tar/374-osymsha-bilim-berudi-bolashy-y-damu-a-bastar-zhol.html#sigFreeId2764a787cd






