Ата-аналар бөлімдердің жұмысымен танысып, өздерін суретші, әнші, күйші ретінде сынап көрді. Мектеп мұғалімдері сабақта қолданылатын оқыту әдістерімен таныстырды.

Форумның мақсаты – білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының ата-аналар қоғамымен ашық диалог құру үшін жағдай жасау.