25 қазан Республика күні Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білеміз. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадам. Қазанның 25 күні жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет. Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Республика күнін атап өту құқықтық Әділетті Қазақстанға қызмет ететін әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие ерекше күн ретінде санамызда жаңғыруы тиіс. Себебі, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Балалар өнер мектебінде Республика күніне арналған «Ұлан-Байтақ Республикам бұл менің» атты оқытушылар мен мектеп оқушыларының мерекелік концерті өтті. Концертте елімізге арналған өлеңдер мен әндер шырқалды. Атап айтқанда, «Нұр» жетігеншілер, «Қарлығаш» қобызшылар, қыл-қобызшылар, «Шабыт» үлкен, «Балдырғандар» кіші домбырашылар ансамбльдер, фортепиано, вокал дуэті. Жалпы эстетикалық даму, хореографиялық бөлімінің композициялардың сан алуандығы көрермендер мен қонақтарды зор қуанышқа бөледі. Кеш қонақтары керемет көңіл - күй, жағымды эмоцияларға бөленіп, өздерінің ризашылығын білдіріп қайтты. Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!