Бiздiң мектеп жәй мектеп емес – ӨНЕР мектебi

 

 

Бiздiң мектеп жәй мектеп емес – ӨНЕР мектебi.

Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,

Басады ол деміңді шаршағанда.

Қасиеттің киелісі - өнер деген,

Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.

Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,

Ән салады әншілер, қыр - далада.

Бишілер мың бұралып билегенде

Тебіренер сілкініп, жер - ана да.

Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,

Өлең барда биіктен көрінемін.

Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,

Қазақтың ақынындай күйге енемін!

Қаншама адам танылған өнерменен,

Өнердің арқасында, шалқып жүрген.

Денеңді шымырлатып, толқытатын,

Мәңгілік басымды ием, өнерге мен.