19.10.2024жылы Балалар өнер мектебінің "Жалпы эстетикалық дамыту "бөлімінде"Ата-ана ең алғашқы ұстаз" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.

Мақсаты:

"Мектеп -ата-ана, ұстаз" жүйелілігін ұстана отырып , өнерлі, саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Бөлім меңгерушісі Аймагамбетова Раиса Бердибаевна жиналыста ата -аналарды 2024-2025 оқу жылына жоспарланған іс-шаралармен және мектептің ішкі тәртібімен,оқу жылының жоспарымен таныстыра отырып,бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірлестігі ерекше маңызды екенін атап өтті. Сонымен

қатар,"ЖЭД" бөлімінің оқытушылары:бейнелеу сабағының оқытушысы Ақылбекова Г Р, музыка сабағының оқытушысы Бораш Н.Қ мен таныстырды..

Баланы өнерге баулу мақсатында,жиналыс барысында сұрақ-жауап,пікірталастың тиімді болғаны ата-аналардың ерекше көңіл күйінен байқалды.

Жиналыс соңында ата-аналардың релакс ойындар,тренингтерге белсене қатысқанына қарап,өнерлі,саналы,білімді тұлға тәрбиелеуде бүгінгі жиналыс

өзінің өнімді,әсерлі нәтижесін береді деп сенемін.

"ЖЭД" бөлімінің меңгерушісі,ырғақтық-би сабағының оқытушысы Аймагамбетова Р.Б