25-қазан Республика күні
Балалар өнер мектебінде
Республика күніне орай "Ұлан – байтақ Республикам бұл менің" атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп оқушылары республика күніне арнап суреттер салып, ел, жер туралы ән, күй би арнап, белсене қатыса білді.
Мақсаты: Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.






