Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.

Сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке деп саналады.

24 желтоқсан күні «Ержан» мейрамханасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Іс-шарада бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтар мен әндерін шырқап, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Бұл іс шарада біздің халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары хореография бөлімінің балалары (жетекшісі Л.А. Тупал және Э.Р. Петрова) вокалдық ансамбльмен (жетекшісі О.И. Швец) «Жаңа жыл» әнімен өнер көрсетіп көрермендерді қуанышқа бөледі.

Мереке балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа жылды қарсы алудың тамаша бастамасы болды.

Жаңа жыл - барлық балалар асыға күтетін ерекше қуанышқа толы мерекелердің бірі. Жаңа 2025-ші жылан жылына орай "Балалар өнер мектебінде" іс-шаралар өтуде.

Бүгін 25 желтоқсан күні халық аспаптар бөлімінің ұстаздарының ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне арналған "Құтты болсын жаңа жыл!" атты ертеңгілік өтті. Оқушылар өздерінің дайындаған тақпақтарын айтып, би билеп, ойын ойнап өздерінің өнерлерін көрсетті. Ұстаздарымыз ертеңгілікке келген оқушыларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлап, оқушылар үйлеріне риза болып қайтты.