«Ақ көгершін» Балалар Шығармашылық Қоғамдық Қоры VIII-Республикалық «Серпер» фестиваль – байқауын онлайн форматында өткізді. Байқау 20 наурыз күні өткізілді. Өткізілген байқау ұстаздарға өздерінің шеберлік және өсу деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, жас таланттарды анықтайды және қолдайды. Байқауға халық аспаптары бөлімінің оқушылары аспапта ойнау номинациясы бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалады.Қазылар-алқасының құрамына музыка, хореография, сән саласындағы жоғары білікті мамандар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері кірді.

Солистер:

Кіші жас санаты: 7-10 жас.

Улан Али - 2 орын (жетекшісі Есенова С.А.)

Иманғажы Айша - 2 орын (жетекшісі Еламанова К.Т.)

Иманғали Назым - 3 орын (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

Орта жас санаты: 11-13 жас.

Аманқұл Нұрсамат - бас жүлде (жетекшісі Киянбекова А.М.)

Дастан Аружан - бас жүлде (жетекшісі Жузбаева Г.Ж.)

Балтабай Ерлен - 1 орын (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

Жақыпбек Зере - 1 орын (жетекшісі Искакова А.Ш.)

Сақтаған Дінмұхамед - 2 орын (жетекшісі Искакова А.Ш.)

Төлегенов Сырым - 2 орын (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

Елеусіз Арон - 3 орын (жетекшісі Искакова А.Ш.)

Шайхидинов Айқын - 1 дәрежелі Диплом (жетекшісі Искакова А.Ш.)

Ересек жас санаты: 14-18 жас.

Кайсарова Альбина - бас жүлде (жетекшісі Тулегенова Б.М.)

Ансамбльдер:

Кіші жас санаты

"Қыран" триосы (Қайрат К., Шырынбек Б., Күзембай М., жетекшісі Искакова А.Ш.) - 2 орын.

Орта жас санаты

"Жігер" триосы - 1 орын (Аманқұл Н., Сейдрахман Ж., Еркіннұр С., жетекшісі Киянбекова А.М.)

"Ұлытау" дуэті - 3 орын (Бөгетбай Ж., Мұхамбетхан Е., жетекшісі Жузбаева Г.Ж.)

Жетекшілер Қ.Р. Оқу ағарту министрлігінің «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталып, байқауға қатысқан оқушылар Дипломдар мен медальдармен марапатталды. Халық аспаптар бөлімінің ұстаздары мен оқушыларын құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.