Іс - шараға мектебіміздің даярлық сынып, бірінші және екінші сынып оқушылары қатысты.

Сахнаға алғаш болып даярлық сынып оқушылары «Ана деп ән саламын» әнімен бастаса, «Балдырғандар» ансамблі, екінші сынып оқушылары «Қара жорға» әнімен, Молдабайдың әні «Алдар көсе» шығармасымен, дәстүрлі әншілеріміз Абдыжанен Арайлым мен Нұрәділ «Құттықтаймын мама!» әнімен өз аналарын құттықтады. Содан соң, фортепиано бөлімінің ұстазы Жанар Жүрсінқызының «Жұлдызды аспан» авторлық шығармасы фортепиано аспабында ойналып, жәнеде Чайковскийдің “Танец Феи Драже” шығармалары ойналды. Эстетика бөлімінің бүлдіршіндері «Ана» әнімен өнер көрсетті. Хореография бөлімінің оқушыларыда концерттік нөмірлерімізден қалыс қалған жоқ, олар «Полька» биімен, және «Мы не детки, мы конфетки» хип - хоп бишілерімізде өз өнерлерін көрсетті. Кішкентай қобызшыларымыз В.А.Моцарт «Аллегретто» шығармасымен, жетігеншілеріміздің «Біз өмірдің гүліміз» әнімен концертіміз өз жалғасын тапты. Вокалдық бөлім оқушылары Махмут Аминамызды «Ана» әнімен, вокалдық трио «Стоят девченки» әнімен, біздің аяулы әжелерімізге арнап «Бабушка» әнімен өнер көрсетсе, Жайлаубай Айлана өзінің «Отличница» әнімен өнер көрсетті. Концертіміздің соңы мектебіміздің хорының орындауымен «Абзал ана» әнімен аяқталды. Мектебіміздің сурет бөлімінің оқытушыларымен оқушылары сахнамен дәлізімізді өздерінің 8 наурыз мекрамына арналған суреттерімен безендіріп қойды.