Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Республикалық он күндік “Наурызнама”декадасының аясында өткізілген іс-шараларға Жезқазған қаласының Балалар Өнер мектебінің “Жалпы эстетикалық дамыту”бөлімінің оқушылары да өз үлесін қосты. ”ЖЭД”бөлімінің екінші сынып оқушылары Наурыз ханшайымы”сайысына белсене қатысып,өз өнерлерін паш етті. Сайыс 5шарттан болды. Сайыстың барлық шартына жоғары деңгейде дайындалған кішкене ханшайымдарымыз:
Дүтбай Амина, Жақсылық Камалия, Сүйіндік Аяла, Жайлаубай Медина өнерлерімен, шығармашылық таланттарымен, зерек, тапқырлығымен көрерменді және әділ қазы алқасын таң қалдырды. Әсіресе,”Наурызнама декадасының он күндік кестесіне тура келген (18.03.2025ж-Ұлттық киім күні ) қазақ ұлттық киімдер үлгісін көрсету шарты осы мерекелік іс-шара өткізу арқылы балаларға ұлттық құндылығымыздың маңыздылығы туралы насихаттау тәрбиесінің айқын дәлелі болды. Мерекелік іс-шараны дайындаған және өткізген “ЖЭД”бөлімінің оқытушысы Аймагамбетова Р.Б белсенді қатысқан ата-аналарға алғысын білдірді.
“Наурыз ханшайымы” мерекелік іс-шара соңында қатысушыларға дипломмен қатар,мектеп әкімшілігі тарапынан сыйлықтар тарту етілді.
https://dshi-zhez.kz/kz/zhanaly-tar/364-z-nauryz-mejramy-arsa-ynda-respublikaly-on-k-ndik-nauryznama-dekadasyny-ayasynda-tkizilgen-is-sharalar-a-zhez-az-an-alasyny-balalar-ner-mektebini-zhalpy-estetikaly-damytu-b-limini-o-ushylary-da-z-lesin-osty.html#sigFreeIdd1600589c2






